05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Неге әйелдер үйде айқайлайды?

Неге әйелдер үйде айқайлайды?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Көптеген ер адам әйелінің қатты сөйлеуіне немесе айқайына шағымданады. Олар бұл дауыстың әйел жүрегінде жиналып қалған терең сезімдердің көрінісі екенін түсіне бермейді. Оның айқайы түрлі себептерден туындауы мүмкін:

ᚖ Ол жауапкершіліктің ауыртпалығын сезінеді.

ᚖ Ол бәрінің мінсіз болғанын қалайды: қамқор күйеу, тәрбиелі әрі табысты балалар, таза үй, сәтті қарым-қатынас т.б.

ᚖ Ол эмоционалдық салқындықты басынан өткеріп жатыр.

ᚖ Ол сенің көңіл бөлмеуіңнен зардап шегіп жүр.

ᚖ Ол гормондық өзгерістер немесе күйзеліс кезеңінде болуы мүмкін.

ᚖ Ол сенен бақытты сезінбейтіндіктен, көңілі қалған.

ᚖ Сен оның хал-жағдайын сұрамадың.

Осындай қарапайым сұрақтар әйелді барлық уайымнан арылтып, жүрегіне тыныштық сыйлайды. Егер ол ұзақ уақыт үйде балалармен болып, өзін тұтқын сияқты сезінсе, бұл оның күйзелісін одан сайын күшейтеді. Мұны өзгерту үшін оған күтпеген  сыйлық немесе тосын сый  жаса! Бұл күнделікті бірсарынды өмірдің жүйесін бұзып, оған жылулық пен қуаныш сыйлайды. Сыйлық тек сүйіспеншілікті күшейтіп қана қоймай, рухты да нәрлендіреді.

Құрметті әйел!

Жолдасыңмен дұрыс қарымқатынас орнату үшін мынадай маңызды жайттарға мән бер:

1. Ол бір нәрсемен шұғылданып жатқанда сөйлеспе. Мамандардың айтуынша, ер адам өз ісіне толық назар аударады. Ол уақытта басқа әңгімені тыңдауға құлықсыз болады. Сондықтан оны ісін аяқтағанша күткен жөн. Тіпті, ер адамдар болмашы нәрсемен шұғылданып жатса да, оны маңыздыр деп санайды.

2. Жұмыстан келген бойда әңгімеге тартпа. Ер адам жұмыстан шаршап келеді, Әсіресе, әйелі оны үйде күтіп отыратын кез. Мұндай сәтте ол әңгімені көтере алмайды. Ең дұрысы, оның алдымен тамақтанып, демалып, көңіл-күйінің жақсарғанын күту.

3. Ол тыңдамаса, айқайлама. Егер күйеуің сені тыңдамай жатса, дауыс көтеру жағдайды ушықтырады. Мамандар әйелдің сабырлық танытып, әңгімені уақытша тоқтата тұрғанын жөн деп санайды. Ер адам өзін кінәлі сезініп, кейін өзі сөйлескісі келуі мүмкін.

4. Оның сені түсінгенін тексер. Кейде күйеуің сені тыңдап отырғандай көрінуі мүмкін. Шын мәнінде, ойы басқа жақта жүруі ықтимал. Мұндайда оның түсінген-түсінбегенін тексеру үшін әңгімеңді қайталап айтуын сұра.

5. Оны ыңғайсыз сұрақтармен мазалама. Психологтар ер адамға «Қайда болдың?», «Неге кеш келдің?», «Басқа әйелдермен сөйлестің бе?» деген сияқты сұрақтардың ұнамайтынын айтады. Егер ер адам адал болса, мұндай сұрақтар оған жағымсыз әсер етеді.

6. Әңгімелескенде жымиып сөйле. Ер адам ашулы, қабағы қатулы әйелмен сөйлескенді ұнатпайды. Жымиып сөйлеу әңгіменің сәтті өрбуіне ықпал етеді. Ол ер адамның қызығушылығын оятады.

7. Әңгіменің тақырыбын дұрыс таңда. Ер адам біреудің сыртынан сөз айту, басқаның киімі мен іс-әрекетін сынау сияқты әйелдің әңгімесін ұнатпайды. Сондықтан оған қызық әрі өзекті тақырыптарды таңдап, өзара түсіністікті нығайт.

материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: