02
Дүйсенбі,
Ақпан

һижри

Бала тәрбиесіндегі Пайғамбар (с.ғ.с) сүннеті: Балаға берген уәдені орындау

Бала тәрбиесіндегі Пайғамбар (с.ғ.с) сүннеті: Балаға берген уәдені орындау

Исламдағы отбасы
Жарнама

Алла елшісінің (с.ғ.с) балаларға деген сүйіспеншілігі алабөтен еді. Он жыл қызметінде болған Әнәс (р.а.) былай дейді: «Бала-шағасына Пайғамбарымыздан артық мейірімді жанды көрмедім»[1]

Бірде Мәдинаға хижрет жасаған сахаба аналарымыздың бірі Ләйла (р.а.) Пайғамбарымыздың үйінде отырған кезінде сыртта ойнап жүрген ұлын шақырып:
– Балам, келе қойшы, саған бір нәрсе беремін, - дейді. Бұны естігенде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дереу одан:
– Ұлыңызға не бермексіз? - деп сұрайды. 
– Құрма берейін деп едім, – дегенінде: 
– Егер балаға «бір нәрсе берем» деп шақырып, еш нәрсе бермесеңіз, амал дәптеріңізге «өтірік айтты» деп жазылар еді, - деп ескерткен[2]

[1] Әбу Дәуіт, Әдаб, 80.
[2] Бәззар, 5/а.

дереккөз: muftyat.kz

Бөлісу: