16
Сенбі,
Мамыр

һижри

Әйеліңді қызғанып, иманыңды қызғанбауың – надандығыңнан

Әйеліңді қызғанып, иманыңды қызғанбауың – надандығыңнан

Исламдағы отбасы
Жарнама

Сен үшін ең қауіпті нәрсе – нашар адамдармен араласуың. Өйткені сен олардың жанында ғайбат естіп қана қоймайсың, сол ғайбатқа ортақ боласың (күнәға ортақтасасың). Ал ғайбат адамның дәретін, оразасын бұзады (сауабын кемітеді).

Әйеліңді қызғанып, иманыңды қызғанбауың, сенің надан екеніңді білдіреді. Нәпсіңе қатысты дүниені сақтағың келіп, Раббыңа тиесілі жүрегіңді сақтамауың сенің қиянатшы екеніңді білдіреді. Өзіңе тиесілі нәрсені сақтайтын болсаң, Раббыңа тиесілі жүрегіңді неге сақтамайсың?!

Таң атқанша ризығын уайымдаған адамды көрсең, біліп қой, ол – Алладан ұзақ кісі. Егер саған бір пенде: «Ертең жұмыс жасамай-ақ қой, мен саған бес дирхам беремін» десе, ол да бір мұқтаж, бейшара пенде бола тұра, сен оған сенесің. Ал ендеше мұқтажсыз, жомарт Раббың сен өлгенше ризығыңды беруге кепілдік берген болса, бұл саған жеткілікті емес пе?!

Бір ақын былай дейді:

«Шағбан айының жиырмасы өтсе,
Күндіз-түні су ішуді жалғастыр.
Кішкентай ыдыспен іше бер,
Себебі кішкентай ыдыспен ішетін уақыт өтті».

Ақын мұны: «Шағбан айының жиырмасы өтетін болса, Рамазан айы жақындайды. Ал рамазанда су ішуден тыйыламыз», – деп түсіндіреді.

Ал сопылық жолындағылар оны мынадай мағынада түсіндіреді: «Егер өміріңнің қырық жылы өтіп кетсе, қалған өміріңде күндіз-түні тынбай ізгі амалдар жасап қал. Өйткені ұлы Аллаға жолығатын уақыт жақындады. Енді сенің амалың – сергек, күш-қуаты тасып тұрған жігіттің амалындай болмайды. Жастық шағың өтті, сергектік те артта қалды».

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: