Қонақ күту - мұсылманның сипаты.
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде "Үйінде қонақ күтпейтін адамда қайыр жоқ" дейді.
- Қонақ шақырудың алғашқы әдебі - тақуа, Алладан қорқатын ізгі кісілерді шақыру. Ондай жандар берекесімен келеді.
Тек байлар мен жоғары шенділерді шақырып, кедейлерді тастап қою - әдепсіздік.
- Екіншіден, туысқандарды шақыруды ұмытпау. Жақсы мәмілеге, қонақ етуге ең лайықты туысқандар.
- Қонақ шақырғанда өз дүниесін, байлығын көрсетуді ниет ету дұрыс емес. Алла разылығы үшін бауырларына құрмет көрсету ниетімен шақыру керек.
Қонаққа бару әдептері:
- Шақырған жерге бару - бекітілген сүннет.
- Шақырған адамды бай немесе кедей деп бөлмеу.
материал «Ихя Улумуддин» кітабынан алынды,
ummet.kz