27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Жарыңыздың сезімін арттыратын дұға

Исламдағы отбасы
Жарнама

Дұға – ер мен әйелдің ең үлкен қаруы. Жақсы әйелге немесе еркекке ең бірінші жәрдем – Алладан. Күйеуінің көңілін аулағысы келген әйел, әйелінің жүрегін жаулағысы келген еркек Алламен қарым-қатынасын түзеп, алақанын жайса отбасында береке орнайды. Жүрекке Алланың ғана әмірі жүреді. Қос жүрекке махаббат пен мейірімді салатын – Алла! Ерлі-зайыптылар барлық амалдарын Алла разылығы үшін жасауы тиіс. Амалдарын, ұмтылысын Алла разылығы үшін жасаған адамда ұтылыс жоқ.

Егер де сіз күйеуіңіздің көңілін тауып, оның өзіңізге деген сыйластығы мен сезімін арттырғыңыз келсе, мына дұғаларды оқып жүріңіз:


اللهم جملني في عين زوجي وحبني الى قلبه واجعلني الزوجة الوحيده له وارزقني ذرية صالحة منه اللهم دعوناك فاستجب لنا كما وعدتنا اللهم اجعلني نورا بين عيني زوجي

«Я, Алла! Жарымның назарында мені сұлу қыла гөр, оның жүрегіне мені сүйікті ете гөр! мені оның жалғыз әйелі қыл, әрі маған сол кісіден салиқалы ұрпақ нәсіп еткейсің. Алла Тағалам, саған дұға етемін, Сен де уәде еткеніңдей менің дұғама жауап бергейсің. Я, Аллам, мені жарымның қос көздерінің нұры еткейсің!»

يا الله، وجعل السلام والوئام بيني وبين زوجي وتوحدنا في نعمة. اللهم اجعلني كامل من الفرح لعيون زوجي وجعله فرحة عيني. ومنح لنا السعادة في العيش جنبا إلى جنب مع بعضها البعض، وتوحدنا في نعمة. اللهم اجعلني لزوجتي بالطريقة التي يريد أن يراني، وتفعل ذلك بالنسبة لي وأريد أن أرى ذلك. وتأكد أيضا لنا لنفسك كما تريد لنا أن نرى.ويقدم لنا ذرية طيبة، ما نريد وما شئت

«Я, Алла, мені мен жарымның арасында тыныштық пен жайлылық орнатқайсың. Біздің арамызды нығметіңмен жарастыра гөр. Аллам, мені жарымның көздерінде кемел қуаныш ет, оны да менің көздерімнің қуанышы қыл. Бізге өмірімізге бір-бірімізбен қол ұстасқан күйде бақытты қыла гөр, Я, Аллам, мені жарыма мені көргісі келгеніндей ет, оны да маған солай еткейсің. Және бір-бірімізді сенің қалағаныңдай көруімізді нәсіп ет. Бізге өзіңнің разы болған, біздің қалауымыздай болған ізгі ұрпақ бере гөр!»

ummet.kz

Бөлісу: