03
Жұма,
Мамыр

һижри

Қарызы бар кісілер құрбандық шалуға бола ма?

Қарызы бар кісілер құрбандық шалуға бола ма?

Құрбан Айт
Жарнама

Құрбан айт, яғни мұсылман күнтізбесі бойынша Зуль-хижжа айының оныншы күні, шариғат бойынша жылдың ең ұлы күніне жатады. Бұл күні жасалатын ең үлкен құлшылықтардың бірі – құрбан шалу. Құрбан шалу дегеніміз – мұсылман күнтізбесі бойынша Зуль-хиджа айының оны күні, күн шыққаннан кейін, айт намазы оқылып, одан соң Алла үшін құрбандыққа қой сою рәсімі.

Осы орайда, қарызы бар кісілер құрбандық шалуға бола ма?

Шариғатта тұрмысы төмен кісілерге құрбандық шалу міндеттелмейді. Қарызданып-қауғаланып болса да, құрбандық шалсын деген үкім жоқ. Дегенмен, сауап үшін қарызға ақша алып оған құрбандық шалатын болсаңыз, оның еш ағаттығы болмайды.

Яғни, қарызы бар адам құрбандық шалуға міндетті емес. Егер «құрбандық шалайын, кедей болып қалмаймын» деп ниет етсе, ол «құрбандық» уәжіп емес, «нәпіл құрбандық» (міндетті емес) болып саналады.

ummet.kz

Бөлісу: