11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құрбан айтта не істеуге болмайды?

Құрбан айтта не істеуге болмайды?

Құрбан Айт
Жарнама

Құрбан айтта не істеуге болмайды? Қасиетті мерекеде ішімдік ішуге әсте болмайды. Кейбір адамдар «мерекені тойлау керек» деп осы күндері ішімдік ішіп, шөлмек соғыстырып жатады.

Алла Тағала Құранда: «Әй, мүміндер! Ішімдік, құмар, тігілген тастар (пұттар) және бал ашатын оқтар шайтанның жиіркенішті істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар», («Мәида» сүресі, 90-аят) – деп ескертеді. Сондықтан, ішімдік атаулыға Құрбан айттан басқа күндері де мүлдем жуымаған жөн. «Олар сенен iшкiлiк пен құмар ойнаудың үкiмiн сұрайды. Сен: «Оларда үлкен күнә және адамдарға пайда да бар, алайда оның күнәсi пайдасынан тым зор», – деп айт» («Бақара» сүресі, 219-аят). Осы аят түскеннен кейiн, мұсылмандардың көпшілігі iшкiлiктi тастады.

Алла елшісі (с.а.у.) «Алла Тағала арақты iшкенді, сатқанды, сатып алғанды, дайындағанды, дайындауға тапсырыс бергенді, тасымалдаушыны лағынеттедi!» – деп, ішімдіктің түрлі күнәнің бастауы екендігін баяндайды.

Иман болған жерде ішімдік, ішімдік болған жерде иман болмайтынын есте сақтайық...

ummet.kz

Бөлісу: