Басқа біреудің атынан құрбандық малын шалу тапсырылған кісі оны малдың иесінің атынан:
«Бисмилләһ, уа Алла, (мұны) пәленнен қабыл ет», - деп бауыздауы шарт. Бірақ біреудің Құрбандығын бауыздаушы адам оны өз атынан шалса да, ол мал иесіне ғана жазылады.
Құрбандық малын шалудан бұрын Алланың атын айту керек. Алла Тағала Құранда: «Оларды тұрғызып қойып, үстінен Алланың атын айтыңдар», -деп бұйырады. («Хаж» сүресі, 36).
Шариғатымызға сәйкес құрбан шаларда: «Бисми-Лләһ, уа-Ллаһу Әкбар. Аллаһумма тақаббәл-минни» - деп айту керек. (Муслим).
(Мағынасы: «Алланың атымен әрі Алла Ұлы! Уа, Алла, ақиқатында, бұл Сенен және Саған! Уа, Алла менен қабыл ет!»).
материал «Құрбан айт – құтты мереке» кітабынан алынды,
ummet.kz