02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Кембағал жандардың атынан құрбан шалуға бола ма?

Кембағал жандардың атынан құрбан шалуға бола ма?

Құрбан Айт
Жарнама

Жәбир (р.а.) жеткізген хадисте пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) құрбандық шалуға жағдайы жоқ, кедей адамдардың атынан да құрбан шалғанын былай баяндайды:

«Хазірет пайғамбарымызбен бірге мешітте едім. Құтбасын бітіріп мінберден түскен соң, қошқарды өз қолымен бауыздады. Хазірет пайғамбарымыз құрбандыққа бір қошқарды шаларда: َ

«Уа, Алла Тағалам! Бізге берген несібеңнен өз разылығың үшін, менің және үмбетімнен құрбан шалуға шамасы жетпегендердің атынан, Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» деді дағы қошқарды құрбандыққа шалды». Кедейлерге құрбан шалу міндет емес. Алайда жағдайы бар мүміндерге жағдайы жоқ кедейлердің атынан құрбан шалуға еш тыйым жоқ, қайта ардақты пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір сүннетін орындаған болады.

материал «Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: