21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Құрбандықты міндетті түрде адамның өзі шалуы керек пе?

Құрбандықты міндетті түрде адамның өзі шалуы керек пе?

Құрбан Айт
Жарнама

Құрбандықты міндетті түрде адамның өзі шалуы керек пе? Әлде басқа біреуге өкілдік беруге бола ма?

Өзіңіз шалғаныңыз абзал (сүннет). Бірақ, егер сіз өзіңіз малды соя алмайтын халде болсаңыз, оны сіздің атыңыздан союға біреуге өкілдік беруіңізге болады. Дегенмен, ондай жағдайда да рәсімнің басы-қасында өзіңіздің тұрғаныңыз абзал. «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызы Фатиманың атынан құрбандық шалғанда, оған рәсімнің кезінде қасында тұруын өтініп, құрбандыққа шалынып жатқан малдың бірінші қаны тамған бойда, оның бұрынғы күнәларының бәрі кешірілетінін айтқан» (Ибн Хиббан). Бірақ, құрбан шалу рәсіміне қатысуға мүмкіндігі жоқ адам болса, ниет етіп, құрбандыққа шалынатын малдың ақшасын біреуге беріп, өзінің атынан құрбан шалғызуына болады.

дереккөз: muftyat.kz

Бөлісу: