Меню

17
Бейсенбі,
Сәуір
18
Шәууәл
1446 һижри

Құрбандыққа шалынған малдың терісін не істейміз?

Құрбандыққа шалынған малдың терісін не істейміз?

Құрбан Айт
Жарнама

Құрбанға шалынған малдың терісін садақа етіп берген абзал.

Өңдеп үй қажеттілігіне де қолданса болады. Айша анамыз құрбанға шалынған малдың терісінен мүтара жасап қолданатыны деректерде келген.

Бірақ, оны (құрбан терісін) ақшаға сату – мәкрүһ. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у): «Кім құрбанынын терісін сатса, шалған құрбаны жоққа есеп», – деп теріні сатпауды баса айтқан. Дегенмен, түскен ақшаны садақа ету мақсатында теріні сатуына болады.

Сондай-ақ, қасапшыға да қасапшылығының ақысы ретінде теріні беру мәкруһ.

дереккөз: muftyat.kz

Бөлісу: