03
Жұма,
Мамыр

һижри

Құрбан айтта мал бауыздалмай тұрып оқылатын аяттар

Құрбан айтта мал бауыздалмай тұрып оқылатын аяттар

Құрбан Айт
Жарнама

Құрбандық шалған кезде көптеген жайттарға назар аударады.

Құрбан шалынатын жердің таза болуына көңіл бөлу, құрбан шалатын жерге малды ұрмай-соқпай апару, құрбан малын құбылаға қаратып, сол жағымен жатқызу.

Төменде келтірілген аяттарды мал бауыздалмай тұрып оқыған абзал: «Жүзімді мені керітартпа діндерден алыстатып, көктерді және жерді жаратқан әлемдердің раббысына бағыттадым» (Әнғам сүресі, 6/79).

«Былай де: «Менің намазым да, түрлі ғибадаттарым да, өмірім мен өлімім де үнемі әлемдердің раббысы Аллаға тән. Оның серігі жоқ. Маған айтылған бұйрық осы. Оған алғашқы болып бас иген де менмін» (Әнам сүресі, 6/162-163).

Осы аяттар оқылғаннан кейін немесе бұл аяттар мен дұғаларды білмесе «Иә, Алла тағалам, досың Ибраһим, сүйіктің Мұхаммедтен (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) қабыл алғаныңдай, менен де қабыл ала гөр!» деп, яки осыған ұқсас дұға оқуға болады. Кейіннен «Аллаһу акбар!» және «Лә иләһаиллаллаһ» деп айтылады. Құрбан шалатын адам малды қинамай жұмсақ бауыздауға көңіл бөлуі керек.

дереккөз: fatua.kz

Бөлісу: