27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Құрбандық малы қалай сойылады?

Құрбандық малы қалай сойылады?

Құрбан Айт
Жарнама

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім құрбан шалу кезінде рақымшылдық танытса, соған Қиямет күні Алла Өзінің рақымын танытады», -  деген. (Бұхари)

Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Алла барлық нәрсені жақсылап орындауды бұйырды, әрі егер (малды не жәндікті) өлтіру тура келіп жатса, оны жақсы тәсілмен жасаңдар және мал бауыздаған кезде де, оны ең жақсы үлгіде істеңдер. Әрі сендердің әрқайсың өз пышағын дұрыстап қайрап алсын және малды қиналудан құтқарсын»,- деген. (Муслим)

Сахаба Ибн Аббас былай деген: «Бірде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзіне қарап жатқан қойдың тұмсығына аяғын қойып, пышағын қайрап тұрған адамның жанынан өтіп бара жатты. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл адамнан: «Сен неге оның жамбасын жерге тигізбей тұрып пышағыңды қайрап алмадың? Оны екі рет өлтірмексің бе?!» - деп сұрады». (Табарани).

Имам Ахмад «Малды бауыздар орнына жұмсақтықпен және олардан пышақты жасырып алып бару керек, әрі оны тек бауыздар кезде ғана шығару керек», - дейді.

Ал имам ан-Нәуауи: «Бір малды басқасының көз алдында бауыздамау керек»,-деген.

Айта кетейік, құрбандықты жақсылап орындау деген малдың тамағы мен мойын тамырларын тез кесу дегенді білдіреді.

Сондай-ақ, Жәбирден жеткен хадисте: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құрбан шалған кезде, жануарды Қағба жаққа қаратты»,- деп хабарланады. (Әбу Дәуіт)

Демек Құрбандықты келесі тәсілмен орындайды:

1. Малды сатып алғанда құрбандыққа жарамды ететін қажетті сипаттарын әрі жасын тексеріп алыңыз
2. Малды қинамау үшін пышағыңыз өткір болсын әрі оны малдың көзінше қайрамаңыз;

3. Бір малды екінші малдың көзінше бауыздамағаныңыз абзал;

4. Жүзін қыбыла жаққа бұрыңыз;

5. Малды бауыздардан алдын; (жәй үйге ет үшін қой сойған кезде де) «Бисмилляһи Аллаһу акбар»,құрбан айтта шалынатын мал болса «Бисми-Лләһ, уа-Ллаһу Әкбар. Аллаһумма тақаббәл-минни»,- деп айтыңыз;

6. Тез әрі сауатты бауыздаңыз. Екі тамырдың кесілгенін қадағалаңыз;

7. Етін үшке бөлгеніңіз жөн:

А) Бір бөлігін өзіңізге алып қалыңыз. 

Б) Екінші бөлігін ағайын- туыс көрші қолаңға асыңыз. 

В) Үшінші бөлігін кем-кетік, жетім-ғаріптерге, мұқтаждарға үлестіріңіз;

8. Құрбан шалынған қойдың терісі мен ішек-қарынын, басы мен сирағын қасапшының ақысы ретінде бермеңіз әрі сатпаңыз. Үлестіріңіз, садақа жасаңыз; 

9. Үйіңізден ештеңе жемей шығып, кейін алып қалған бөлігін асып, өз шалған құрбандығыңыздың етінен  ауыз тиіңіз. 

материал «Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: