21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Құрбан шалуға жағдайы жоқ кісілерге жасалған жеңілдік

Құрбан шалуға жағдайы жоқ кісілерге жасалған жеңілдік

Құрбан Айт
Жарнама

Құрбан шалуға жағдайы жоқ кісілерге жасалған тағы бір жеңілдік, ол – айт күні жуынып-шайынып, тазалану.

Себебі бұл тазалық оларға құрбандық шалғандай сауап әкеледі. Абдуллаһ ибн Амр ибнул-Астың айтуынша, бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

«Құрбан (айт) күнін мереке ретінде атап өтуге маған бұйрық келді. Бұл күнді Алла тұтас үммет үшін мереке етті», - деді. Осы кезде бір кісі: - Уа, Алланың Елшісі! Менде елдің аманат ретінде табыстаған малынан басқа мал жоқ, сол малдан бауыздауыма бола ма?», - деп сұрады. Оның құрбан шалуға жағдайы жоқтығын ұққан Алла Елшісі (с.ғ.с): «Жоқ, шаш-тырнағыңды қысқартып, мұртыңды алып, ұятты жердің түгін қырынғаның да жеткілікті. Бұл Алланың құзырында сен үшін құрбандық шалғанмен тең», - деді.

материал «Құрбандық пәтуалары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: