21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Құрбан айт мейрамы жайлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) не айтты?

Құрбан айт мейрамы жайлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) не айтты?

Құрбан Айт
Жарнама

Мұсылман үмбеті үшін ерекше құрметке ие, асыл дініміздегі екі үлкен мейрамдардың бірі Ораза айт мейрамы болса, екіншісі - Құрбан айт мейрамы. Тарихқа қарайтын болсақ пайғамбарымыздың өзі бұл екі күнді үмметі үшін мейрам ретінде белгілеп кетті.

Риуаят етілгендей Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Медина келген кезде Медина халқының екі күнді мейрамдап ойын-сауық салып жүргенін көреді. Сөйтіп пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтады:

- Бұл қандай күндер? -деп сұрақ қояды.

Медина халқы:

- Біздер жаһилиятта (қараңғылық кезде) бұл күндері ойын-сауық құратын едік деп жауап береді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оларға:

- Расында Алла Тағала ол екі күндеріңді сендерге ол екеуінен де жақсырақ болған Ораза және Құрбан айт мейрамдарымен ауыстырып берді - деген екен.

Құрбан айт – мұсылмандардың ұлық мерекесі. Ол күні Алла разылығы үшін мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылатын күн. Қажылық өтеушілер Қағбаға жүзін қаратып, Арафатта жалбарынып, дұға оқиды. Дүйім мұсылман баласы пайғамбарлардың ісін қайта жаңғыртып, Алла жолында құрбандық шалу арқылы бір-бірін дінге беріктік танытуға шақырады. Cондай-ақ, құрбандық шалуға байланысты мынадай аяттарды келтіруге болады: «Әрі барша адамдарды қажылыққа шақыр, олар жаяу немесе ұзақ жерден арып-ашып, түйемен саған келсін. Келгесін олар мұның өздеріне тигізген түрлі пайдаларын көрсін. Алладан өздеріне ризық ретінде берілген құрбандық малдарды белгілі күндерде Алланың атын айтып, құрбандық шалсын. Оның етінен өздерің де жеңдер, жоқ-жітікке де жегізіңдер!» (Хаж сүресі, 27-28).

Қасиетті Құранда тағы бір аятта:

«Ұлы (Ысмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кезде:  «Балақайым! Сені түсімде бауыздағынымды көремін; назар аудар, көзқарасың не?», - деді. Ол : «Әй әкетайым! Өзіңе не әмір етілсе, оны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың» деді. Сөйтіп екеуі де ұнап, әкесі оны маңдайының үстіне жатқызады. Біз, оған: «Әй Ыбырайым!», - деп, дыбыстадық. «Рас түсіңді шынға шығардың. Күдіксіз ізгі іс істегендерді осылайша сынаймыз» (дедік). Шын мәнінде Бұл бір ашық сынау еді. Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық. Кейінгі нәсілдерге, оған (жақсы даңқ) қалдырдық. Ыбырайым (ғ.с) ға сәлем. Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейміз. Өйткені ол, сенген құлдарымыздан еді. 

Құрбан – араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллақа жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – «шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбан айт күндері (алғашқы үш күні) шалынатын мал «ұдһия» деп аталады.

Хазірет Ибраһимнен (а.с.) бері келе жатқан қажылықта орындалатын құрбан (һәди) шалу Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін, хижраның екінші жылы қажылықтан тыс мұсылмандарға да (удхия құрбаны) міндеттелді. Осы күндері айт намазын оқу және құрбан шалу уәжіп ретінде бекітілді.

Қасиетті кітабымызда: «Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал».

«Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббы Алла үшін» де.

Сафуат тафасир кітабында бұл жайында мынадай түсіндірмелер келген:

«Яғни Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқын: « Расында Раббыма құлшылық ететін намазым, құлшылығым- яғни құрбандығым, тіршілігім және өлімімнің барлығы тек Алла үшін ғана сендердің ортақ қосуларыңсыз» - деп. (Әнғам 162) 

Құрбан айт мейрам болса да бұл күн алдындағы мұсылманның міндеттері, әдептері бар. Атап айтсақ:

1). Құрбан айт мейрамы болған түні тұрып намаз оқу, зікір айту және Құран оқумен айналысу жақсы амал болып табылады. Муғаз ибн Жабалдан келген хадисте :

«Кімде-кім мына төрт түнде намаз оқыса оған жаннат уәжіб болады: Таруия түні, арафа түні, Құрбан айт түні, Рамазан айт түні»

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:» Кімде-кім Рамазан айттың және Құрбан айттың түнінде Алладан сауап үміт ете отырып намаз оқыса, Алла Тағала жүректер өлетін күні (дін атаулы жоғалып, адамдар имансыз халде таң атырып кеш батырған кезде) оның жүрегін аман қалдырады».

Тағы бір хадисте: Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:» Кімде-кім айттың түнінде Алладан сауаб үміт ете отырып намаз оқыса, Алла Тағала жүректер өлетін күні (дін атаулы жоғалып, адамдар имансыз халде таң атырып кеш батырған кезде) оның жүрегін аман қалдырады».

2) Айт намазының таңы атқанда тәкбір айтуды көбейту де жақсы амалдардан. Анастан келген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:

«Мейрамдарыңды  ұлықтаумен, тәкбірмен, мақтаумен, құрметтеумен  зейнеттеңдер  (көрікті қылыңдар)».

Тағы бір хадисте: Әбу Хурайрадан келген хадисте: «Мейрамдарыңды тәкбірмен зейнеттеңдер  (көрікті қылыңдар).  

Ибн Аббас айтты: Белгілі күндерде Алланы еске алыңдар (зүлхижжа айының он күнінде) және санаулы күндерде (айт күндері). Ибн Омар және Әбу Хурайра Белгілі күндерде (зүлхижжа айының он күнінде) екеуі базарға шығып тәкбір айтатын сөйтіп адамдарда оларға ілесетін еді. Және  Мұхаммед ибн Әли  нәпілден кейін тәкбір айтатын еді.

3) Келесі әдебіміз Арафат күнінің таң намазының бастап бес күн бойы намаздардан кейін тәкбірлерді айту

4) Құрбан айт намазын ертерек оқу құрбандықтарды сою үшін.

5) Құрбан айт намазынның алдында ештеңе жемей бару.

Әнастан келген хадисте: Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Ораза айт күні тамақ ішпей шықпайтын еді, және Құрбан айт күні намаз оқығанша тамақ ішпейтін еді - дегенді жеткізеді.

6) Және бұл күндегі жақсы амалдардан жасалатын нәрсе шалған құрбандығын үш бөлікке бөліп беру яки бір бөлігін өзіне, екінші бөлігін жақын туыстарға үшінші бөлігін кедей-міскіндерге бөліп беру.

Алла Тағаланың әмірлерін қалтқысыз орындау пендені Жаратушының ризашылығына бөлеп, ақыретте сый-сыяпатқа кенелтеді. Құрбан шалу да - Алла Тағаланың арнайы бұйрығы. Сол себепті бұл бұйрықты шын ықыласпен атқарушы Раббысының ризашылығын алып, ақыретте жүзі жарқын болады, мол сауап иеленеді. Пайғамбарымыз хадисінде бұл ақиқатты былай деп түсіндіреді: «Адам баласы құрбан айт күні (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Алла Тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Алла Тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар

Кез-келген мал құрбандыққа жарамайды. Құрбандық ретінде шалынатын малдың ерекшеліктері мынадай болуы қажет:

1. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе секілді малдар жарамды. Ал, үйрек, қаз тауық, түйетауық, елік секілді т.б. аң-құстар құрбандыққа жарамсыз. Бұларды құрбандық ретінде шалу харамға жақын мәкрүһ болып табылады. Өйткені мұнда мәжусиларға (отқа табынушылар) еліктеушіліктің нышандары бар. Қой, ешкі, сиыр және түйенің еркектері де, ұрғашылары да құрбандыққа жарамды.

2. Құрбандыққа жарайтын қой мен ешкі ең кемі бір жасар болуы қажет. Дегенмен алты айлық қозы бір жасар қой секілді ірі, қоңды болса құрбандыққа жарамды. Ал ешкінің міндетті түрде бір жасқа толған болуы қажет. Сиыр екі жасқа, түйе бес жасқа толғанда құрбандыққа шалуға болады.

3. Құрбандық малдың дені сау, етті және дене мүшелері түгел болуы керек. Оның бойында құрбандық ретінде шалуға кедергі келтіретін кемшіліктер болмауы қажет.

4. Құрбандық мал ғибадат ретінде бауыздалуы шарт. Шын мәнісінде Алла пенделердің құлшылығына да, құрбандық шалуына да зәру емес. Құрбан шалудың бізге мәлім әрі беймәлім көптеген пайдалары мен хикметтері бар. Дегенммен негізгі мақсат – Алла тағаланың разылығына бөлену. Мал шалғанда пенделердің ниетінің негізге алынатындығы Құран Кәрімде былайша баяндалған: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллақа жетпейді. Оған жететін жалғыз нәрсе – жүректеріңізге ұялағантақуалық, Аллақа деген құрмет» (Хаж сүресі 37).

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде біздерге былай деп ескерту жасаған:

Расында бұл күндегі біздің алғашқы ісіміз – намаз оқу, кейін қайтып келіп құрбандық шалу. Кімде-кім осылай істесе расында ол сүннетімізге қол жеткізгені. Ал егер намаз оқымай құрбандық шалып қойса, онда оның құрбандығы жай ғана ет болады. Құрбандықтан ешнәрсе таба алмайды - деген екен. 

Бізге Мухаммад ибн убайд әл-ғобари, бізге Хаммад ибн Зайд, бізге Айюб және Һишам Мухаммедтен, Анас ибн Мәликтен жеткізді:

«Расында пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намаз оқыды кейін былай деп айтты: Кімде кім намаздан алдын құрбандық шалса, қайтадан шалсын» - деген.

материал «Құрбандық пәтуалары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: