22
Жұма,
Қараша

һижри

Айт намазына дейін шалынған құрбандық қабыл ма?

Айт намазына дейін шалынған құрбандық қабыл ма?

Құрбан Айт
Жарнама

Құрбан шалу рәсімінің қатаң белгіленген өз уақыты бар. Ол Құрбан айт (10-шы Зуль-хижжа) күні Айт намазы мен Айт құтпасы оқылып болған соң басталады. Құрбан шалуды айт намазына дейін немесе бір күн бұрын орындағанның құрбандығы жарамсыз болады. 

Сахаба Әл-Бара ибн ‘Азиб былай деп баяндаған: «Бірде Құрбан Айт күнінде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) (айт) намаздан кейін бізге құтпа айтты әрі: «Біз сияқты намазды орындаған және біз сияқты құрбан шалған адам оны дұрыс орындаған болады, ал (егер) кім құрбанды айт намазына дейін шалса, онда оны намазға дейін шалып қойған әрі мүлде құрбан шалмаған болады», - деді. Мұны естіп, Әбу Бурда: «Уа, Алланың Елшісі, мен өзімнің қойымды намазға дейін құрбан шалып қойдым, өйткені бүгін мереке екенін және адамдар жеп-ішетінін білдім, әрі менің қойым үйімде шалынатын құрбандықтың ең алғашқысы болуын қаладым! Міне, осы себептен де мен өз қойымды намазға келуден бұрын бауыздап, етін жеп алдым», - деді. Бұған Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сенің қойың тек етке ғана жүре алады», - деді.

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алланың алдындағы ең ұлы күн Құрбан айт күні, ал содан соң одан кейін келетін күн»,- деп айтқан. Яғни, Құрбанды жылдың ең ұлы күні болған Құрбан айт күні шалған жақсырақ екеніне күмән жоқ. (Ахмад, Абу Дауд, әл-Хаким)

Құрбан шалу рәсімін айт намазы аяқталғаннан бастап, төртінші күннің асыр намазына дейін орындауға болады.  Бұған қатысты Жубаир ибн Мут‘имнен Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Әт-Тәшриқтің барлық күндері – Құрбан шалу күндері», - дегені жеткізіледі. (Ахмад, Дарақутни). Ташриқ - деген сөз «кептіру» деген мағынаны білдіреді. Ілгергі мұсылмандар айт намазы оқылған күннен кейін тағы үш күн құрбандық етін кептіретін болған. Сол күндерді «ташриқ» деп атаған. Сондықтан құрбан шалу рәсімі осы «ташриқ» күндерінде орындалады.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: