26
Жұма,
Сәуір

һижри

Құрбан айтта құрбан шалудың үкімі

Құрбан Айт
Жарнама

Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп. Уәжіптігінің дәлелдері:

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Намаз оқы және құрбан шал» (Кәусәр 2) – деп, әмір етіп, құрбан шалудың уәжіптігін білдіреді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» – деп бұйырған. Әрине, бұндай қатаң ескерту, кем дегенде, құрбан шалудың уәжіптігін білдірсе керек. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Құрбан шалыңдар! Өйткені ол Ибраһим әкелеріңнің сүннеті», – деуі құрбан шалудың уәжіптігіне теріс емес. Өйткені «сүннет» жолы деген мағынаны білдіреді. Яғни, бізге уәжіп болған құрбан шалу – Ибраһимнің (а.с.) жалғаса келген жолы деген мағынаны меңзейді.

(Материял "Ислам ғылымхалы" кітабынан алынды)

ummet.kz

Бөлісу: