28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

«Төлебай» мешіті 30 жанұяға азық-түлік үлестірді

«Төлебай» мешіті 30 жанұяға азық-түлік үлестірді

Жаңалықтар
Жарнама

Нұр-Сұлтан қаласының «Хазрет Сұлтан» мешіт өкілдігінің тапсырмасы аясында «Төлебай» мешітінің Бас имамы Асхат Салимовтың ұйымдастыруымен «Қайырымды жұма» акциясы өтті.


Акция аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған және тұрмысы төмен 30 жанұяға азық-түлік өнімдері үлестірілді.
Алдағы уақытта еліміздегі мешіттер ұжымы осы жұма күні өтетін «Қайырымды жұма» игі шарасын дәстүрге айналдырмақшы. Аз қамтылған отбасыларды қамқорлыққа алу ел Мүфтиятының негізгі бағыттарының бірі. Жақсылық жасау жолында жарысқа түскен, мұқтажға мейірімділік танытқан қандай ғанибет! Асыл дініміз қайырымдылық жасауда бірінші болуға шақырады. Себебі, Алла Тағала: «Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» («Әли-Имран», 110) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттаған.

1234.jpg

12345.jpg

Бөлісу: