03
Сәрсенбі,
Наурыз

һижри

«MUFTYAT» баспасының жұмыс есебі тыңдалды

«MUFTYAT» баспасының жұмыс есебі тыңдалды

Жаңалықтар
Жарнама

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен бөлім сағаты өтті. Жиында ҚМДБ-ға қарасты «Muftyat» баспасының жұмыс есебі тыңдалды.

Баспаның директоры Мұрат Әбдіхалықов ҚМДБ тарапынан былтыр шығарылған және биыл шығарылатын жаңа кітаптар туралы баяндады. Сондай-ақ кітапты дайындау, типографияда басу және оқырманға жеткізу, яғни сатылымды арттыруға қатысты жұмыс жоспарымен бөлісті. Одан бөлек намаз үйрену мен күнделікті айтылытын дұғалар жайлы мобильдік қосымшаларды таныстырды.

Бас мүфти баспаның директорына кітаптардың мазмұнын халыққа көбірек насихаттауды тапсырды. Сондай-ақ жиналыста «Muftyat» баспасына қарасты «Мұнара» газеті мен «Иман» журналында ашылатын жаңа айдарлар мен оқырмандар арасында өткізілетін байқаулар жайлы мәлімет берілді. Онлайн режимде қашықтан сөз алған «Иман» журналының бас редакторы Оңғар Өмірбек басылымның алда атқаратын жұмысы жайлы Бас мүфтиге баяндап берді.

7e3f4668-7116-4bc6-b540-3b38d32470c7.jpg

a9a577cc-45d5-4219-83a3-fd1aeb613efe.jpg

5a675770-4902-4235-9e79-2d686df68c2a.jpg

2819dbe4-dfbe-471d-b310-65043e15bd70.jpg

dda0c1b0-b20f-47f8-ac2e-6b10e0a421bc.jpg

Бөлісу: