29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

«Ырыскелді қажы» мешітінде қайырымдылық жасалды

«Ырыскелді қажы» мешітінде қайырымдылық жасалды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты «Ырыскелді қажы» мешітінде мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасалды. Игі шараға қатысқан Нұр-Сұлтан қаласының және республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы азық-түлік салынған сөмкелерді келушілерге үлестірді.

Сондай-ақ шараны ұйымдастырушы Әйел-қыздар секторына және «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Жақия қажы Исмайыловқа өз ризашылығын білдіре келе қайырымдылық жұмыстарын жандандыра түсу қажеттігін қаперге салды.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес бүкіл республика имамдарына бекітілген жеті бағыттың бірі осы қайырымдылық жұмыстары болып есептеледі.

Жалпы өткен жылы да қайырымдылық шаралары аз болған жоқ. Әсіресе, пандемия кезінде елорда имамдарының халықпен тығыз жұмыс істегенін айта кеткен жөн. Алла нәсіп етсе, игі шаралар мен бастамалар осы жылы да жалғасын таппақ.

e93fe20bd2dcfcc8596ea2a866f80cd3.jpg

574231dc85ef98df34c054bd8b34e79b.jpg

79ed88350361c733f56e2f1c29bdabb8.jpg

Бөлісу: