12
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Бас мүфти «Жусан» бойынша елге оралған әйелдермен онлайн жүздесті

Бас мүфти «Жусан» бойынша елге оралған әйелдермен онлайн жүздесті

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Жусан» операциясы арқылы елге оралған әйелдермен онлайн жүздесті.

Іс-шараны ҚМДБ Діни оңалту бөлімі ұйымдастырды. Онлайн жүздесуге «Жусан» операциясы арқылы елге оралған 70-ке жуық әйел қатысты.

Бас мүфти жүздесуде жаза басып жырақ кетіп, елге аман оралу Алланың берген сыйы, мемлекеттің қамқорлығы екенін атап өтті. Жусандық әйелдердің сұрағына жауап беріп, насихат айтты.

Кездесу барысында олар елге қайтарып жаңа өмір, жаңа мүмкіндік сыйлаған мемлекетке ризашылық білдірді. Олардың діни тұрғыда оңалуына септігін тигізіп келе жатқан Діни басқарма қызметкерлеріне алғыс айтты.

Жиынды Павлодар қаласындағы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры, психолог-реабилитолог Гүлназ Мақсұтқызы қортындылап, дін қызметкерлерінің қызметіне табыс тіледі.

f995022e-38f7-47ae-90bf-702223baf6d0.jpg

4c7a8a37-7192-4832-89bd-dcb23715487e.jpg

 d4208670-ea9e-4b97-8fe6-2d1e43933477.jpg

Бөлісу: