17
Жұма,
Мамыр

һижри

Елорда имамдары «Ихсан ілімі» бағыты бойынша жиын өткізді

Елорда имамдары «Ихсан ілімі» бағыты бойынша жиын өткізді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінде «Ихсан ілімі бағытын кеңінен насихаттау» жұмыстарына қатысты кезекті жиналыс болып өтті.

Қаланың бас имамы Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен өткен жиын барысында «Рухани тәрбие. Ихсан ілімі» аясында Елорда өкілдігі бойынша атқарылатын жұмыс жоспары талқыланып, ұсыныс-талаптар тыңдалды.

Елорда төріндегі «Раиса ана» мешітінің жауапкершілігімен өткен жиын барысында дін қызметкерлері осы тақырыптағы арнайы бейнеролик тамашалап, көркем мінез жайындағы ақпараттық кітапшалармен танысты. Cондай-ақ, жиналыс барысында Нұр-Сұлтан өкілдігі бойынша уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту, баспасөз және мешіт істері бағыттарына жауапты мамандар есебі тыңдалды. Өкілдікке қарасты сайттар арқылы Елорда имамдарының қатысуымен түсірілетін видео және аудио өнімдер сапасы мен санын арттыру мәселесі қозғалып, жаңа міндеттемелер бекітілді. Жиналыс соңында имамдардың ұсыныс-талаптарына кезек беріліп, бірқатар мәсәлелер бойынша ортақ ой бекітті.

6115dfcd7217b515014ee4a726650563.dsc_0012_Копировать.jpg

fd4399ca-b7f0-44c7-bb2d-6f3af936b862.jpg

a4b23fc378464ae04e5527ade55f9e6a.dsc_0023_Копировать.jpg

e5bcd861678734718cb8aa64669d79d4.dsc_0016_Копировать.jpg

f6c98a99e40f9baf57cbd9b34ecdcb5f.dsc_0060_Копировать.jpg

3b617e7d0ef9a8b33d4dc258adb03cd6.dsc_0006_Копировать.jpg

Бөлісу: