19
Жұма,
Сәуір

һижри

ҚМДБ төрағасы мешітке пәтер кілтін табыстады

ҚМДБ төрағасы мешітке пәтер кілтін табыстады

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына барған ресми сапарында Ақтау қалалық мешітінің теңгеріміне берілген 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Салтанатты шарада Наурызбай қажы Тағанұлы: «Үйлі болу – адам өміріндегі үлкен қуанышты оқиғаның бірі. Адам баласы бала-шағасымен қауышып, өз үйінде жүрегі тыныштық табады. Қонақ шақырып, батасын алады. Біз қоғамның бірлігі мен игілігі үшін барын салып, қызмет етіп жүрген имамдарды әлеуметтік тұрғыдан қолдауға жіті назар аударып отырмыз. Игі ниетімізге үлес қосып жатқан барша жомарт азаматтарға Алла разы болсын айтамын» деді.

Бас мүфти мешіт теңгеріміне үй алып берген Айдос Амангелдіұлына ризашылық ниетін жеткізіп, алғыс хатпен марапаттады.

«Имамды қолдау – азаматтық борышымыз. Бұл – дінімізге деген қамқорлық» дейді Айдос Амангелдіұлы.

c509a5d7-0b57-4872-9278-5c4d15e78f3c.jpeg

0c225ed9-8d9c-48da-8163-df057e09064b.jpeg

475d0214-f6df-489d-910b-3062b4a1781f.jpeg

Бөлісу: