08
Дүйсенбі,
Наурыз

һижри

Алланың 99 көркем есімін жатқа айтудан жарыс өтті

Алланың 99 көркем есімін жатқа айтудан жарыс өтті

Жаңалықтар
Жарнама

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің әйел жамағаты арасында Алланың 99 көркем есімін жатқа айтудан интелектуалдық жарыс болып өтті. Айта кетейік, аталмыш сайыс Ислам күнтізбесінде «қасиетті үш ай» деп қосарлана аталатын Ережеп, Шағбан, Рамазан айларының құрметіне орай ұйымдастырылып отыр.

Қасиетті Құран аяттарымен ашылған жарыс кіріспесінде жүргізушілер дәл осы үш айдың маңыздылығы мен қасиеті жайында, бұл айларда атқарылатын сауапты амалдар жайында мағлұмат айтып өтті. Сондай-ақ, көрермендер назарына бүгінгі жарыстың маңызын айшықтай түсетін арнайы бейнероликтер көрсетілді. Тіпті, үш кезеңнен өткен жарыс арасындағы үзіліс кезінде сұрақ-жауап викторинасы ойнатылып, «Ана қадірі» атты көрініс қойылды.

Шара соңында сайысқа қатысып, жүлделі орынға ие болған қыз-келіншектер  Махметтола Саякөз (1-орын), Әуезхан Жансая (2-орын), Баймұхамбетова Әселге (3-орын) ақшалай сыйлықтар табысталды.

09f4d9b65dbcf7c65193c5002e20f553.dsc02423_Копировать.jpgff142b89d2f9ad6d19adb9d01c41a894.dsc02412_Копировать.jpgdd5aba90b10c63dcae9ffa71c6783295.dsc02419_Копировать.jpgfd2860bfea8187cd2f8abef3bd12f94f.dsc02485_Копировать.jpg

4f4646b48996c5f9bdbe672b32eba891.dsc02483_Копировать.jpg

95b4ab2130eb7d6d88483c2f64b02007.dsc02482_Копировать.jpg

7c003e64cae2c064f9cd2ec5c6789f31.jpg

Бөлісу: