20
Сенбі,
Сәуір

һижри

ҚМДБ төрағасы Атырауда қайырымдылық орталығын ашты

ҚМДБ төрағасы Атырауда қайырымдылық орталығын ашты

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына барған сапарында «Иманғали» мешіті жанынан қайырымдылық орталығын ашты.

Орталықтың ашылу рәсімінде Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Бас мүфтиге жыл басынан бері аймақта 12 қайырымдылық акциясы өткенін атап өтті.

Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жеті жұмыс бағытының бірі – қайырымдылық іс-шараларын жоғары деңгейде өткізуді тапсырды.

Айта кетсек, қайырымдылық орталығы мешітке тапсырылған киім-кешектерді, тұрмысқа қажетті заттарды қабылдап, сұрыптап мұқтаж отбасыларға тарату ісімен айналысады.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылық орталығының ашылу рәсімінен кейін «Иманғали» мешітінде әлеуметтік жағдайы төмен 16 отбасыға киім-кешек сыйлады.

18fac581-5d2a-4593-b7ee-e61ca6e2dec0.jpg

2d199611-2d1b-4170-b306-46403fe67816.jpg

940adbdc-b78a-4e0c-826b-30244a76aed9.jpeg8e5f0158-a7c0-44cc-a81f-3ee76165fdef.jpeg

Бөлісу: