26
Жұма,
Сәуір

һижри

Елорда мешіттерінің жамағаты арасында «Теңбіл доп-2021» сайысы өтті (ФОТО)

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Жастар ісі секторы жоспарына сәйкес Нұр-Сұлтан өкілдігінің Нұр Астана мешітінің ұйымдастыруымен футболдан Елорда мешіттерінің жамағаты арасында «Теңбіл доп-2021» сайысы өтті.

Аталмыш сайыс ынтымақтастықты арттыру мен өзара салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған.  Сайысқа ҚМДБ-ның «Muftyat» командасы, Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Сапсан» командасы және Нұр-Сұлтан қаласының басқа да 12 командасы қатысты.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, атаулы шараның жамағатты бірлікке, татулыққа шақырудағы және салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңыздылығына тоқталып өтті.

Топтық кезеңнен 4 команда суырылып шығып, өз араларында жартылай финал және финалдық кездесулерді өткізді.

Нәтижесінде жүлделі орындарға:

І орын - «Раиса ана» мешітінің «Раиса» командасы;

ІІ орын – «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Сұлтан» командасы;

ІІІ орын – «С.Ғылмани» мешітінің «Қыран» командасы лайық деп танылды.

Сонымен қатар командалар арасында «Ең үздік қақпашы» мен «Ең үздік ойын көрсеткен шабуылшы» номинациясы бойынша мықтылар анықталды.

Жүлделі орындарға ие болған командаларға арнайы сыйлықтар мен диплом-сертификаттар табысталды.

ummet.kz

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

Бөлісу: