20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Әлжан ана рухына Құран бағышталып, қайырымдылық шарасы жасалды

Әлжан ана рухына Құран бағышталып, қайырымдылық шарасы жасалды

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әлжан ана» мешітінде ерекше шара болып өтті. Құлшылық ордасына есімі берілген Әлжан Жатқанбайқызының дәл осы күні дүниеден озғанына орай ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі қызметкерлерінің қатысуымен арнайы Құран бағышталды. Нұрсұлтандай кемеңгер азаматты дүниеге әкеліп, ел тізгінін ұстаған қайраткер болып қалыптасуына ықпал жасаған асыл ананың жақсы қасиеттері мен сипаттары жайлы айтылып, Жаратушы Иеміздің шапағатын сұрады.

Сондай-ақ, бүгінгі жиынның жалғасы ретінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, Елордамыздағы 300 мұқтаж отбасыға азық-түлік сөмкелері таратылды. Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов игі шараға арнайы қатысып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының дұғай сәлемін жеткізді. Жиылған жамағатқа азық-түлік сөмкелерін табыстап, бүгінгі шараның маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, «Әлжан ана» мешітінің бас имамы Серікбай Әділханның ұйытқы болуымен наурыз айының 3-жұлдызында бұл игі дәстүр бірнеше жылдан бері үзбей өткіп келеді. Биылғы карантин режиміне сәйкес марқұмды еске алу рәсімі тек қайырымдылық шарасын өткізумен шектеліп отыр. Мешіт қызметкерлері және ерікті жамағаттың атсалысуымен барлық азық-түлік сөмкелері көрсетілген мекенжайға жеткізіліп берілді.

af9419dc97d8e0640a8620f70afb3269.jpg

5cc5941712cb017eb8633c2eb63f8aa8.jpg

59f12509f71bb9c5c9d10e82ec97e976.jpg

3aad2743c0f9ad84afa4407848d6e8b8.jpg

06828dd8d31db231da7f7e87121d46fe.jpg

e396ad1cc19d5d33dc1adb6d9093301d.jpg

Бөлісу: