20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Жұма намазын оқуға қатысты брифинг өтті

Жұма намазын оқуға қатысты брифинг өтті

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің ақпарпаттық-коммуникациялық орталығында жасыл аймақта орналасқан мешіттерде жұма намазын оқу жөнінде арнайы БАҚ өкілдеріне брифинг ұйымдастырылды.

Брифингке Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов пен наиб имамы әрі баспасөз қызметінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров қатысып, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және ҚМДБ тарапынан жұма намазын оқу туралы талаптары мен ережелері түсіндірілді.

«Жұма намазын оқу үшін келген азаматтарға айтарымыз, Бұрынғыдай жұма намазы алдында жарты сағат уағыз-насихат айтылмайды. Тек жұма құтбасы мен екі ракат парызы өте қысқа сүрелер мен аяттар оқу арқылы жүзеге асырылады. Және жұма намазынан кейін тәсбі тарту және құран аяттары оқылмайды. Сақтық шаралар негізінде жұмадан кейін оқылатын 4 ракат сүннетті үйде оқығаны абзал» -деді бас имам А.Нұрматұлы.

Брифингке жергілікті «Айғақ», «Оңтүстік», «Отырар», «Нар тв» телеарналары мен газет-журналдардың тілшілері, сондай-ақ блогерлер қатысты.

b461f225-7135-437c-8adf-ee986349a3a5.jpg

2ef13967-0cbf-4d5e-9a55-89366cd9618f.jpg

9f05cefd-823a-423d-849c-3e9db05dfcec.jpg

fba41039-4259-45a5-ad42-4eb2a613be68.jpg1c2f6c18-0de0-4088-ad13-153a8b97a749.jpg

Бөлісу: