26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Берекелі жұма» акциясы жалғасын тапты 

«Берекелі жұма» акциясы жалғасын тапты 

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде көпбалалы және жалғызбасты аналарға азық-түлік сөмкелері таратылды. Аталмыш қайырымдылық шарасы 8-наурыз халықаралық әйел-қыздар мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Садырханұлы мен іс-басқарушы Мейрамбек Рсымов Алматы ауданында тұратын көпбалалы және жалғызбасты аналарға (50-ге жуық отбасы) азық-түлік сөмкелерін таратып берді. Келушы жамағат арасынан жасы үлкендер ақ батасын беріп, алғыстарын жеткізді.

Елордамыздағы бас мешіт қашанда мұқтаждарға қол ұшын беріп, қайрымдылық жасап келеді. Айта кетсек, осы аптаның басында «Жылы жүректен» қайырымдылық акциясы аясында 30 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылған болатын.

c4033bef7b26a88970fa9e20c9aa6321.13.jpg

7d4c38951c9656567a6cb9ff5939fba5.12.jpg

a95265fdfa2001eb08be90e0f4693f12.11.jpg

7dd5ad202f6b95e9a60ce807522b01dc.9.jpg

0dac94fba7755097a112db97fc73d659.5.jpg

642d62ccb715cf8300dbaa597f66c8b5.14.jpg

Бөлісу: