29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Атырау: 355-баспана құлсарылық отбасыға бұйырды

Атырау: 355-баспана құлсарылық отбасыға бұйырды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 355- баспана кілті берілді. Жаңа баспана Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы мұқтаж отбасына табысталды.

Атырау мешіттері және еріктілердің ұйытқы болуымен, асарлату арқылы баспаналы болған пәтер иесі – Айсұлу Кенжеғалиева. Бұл Атырау облысы бойынша тапсырылып отырған 20-пәтер.

Екінші топ мүгедегі Айсұлудың үш баласы бар. Бір баласы тумысынан дімкәс. «Мен мұндай бақытты күн туады деп армандаған да жоқпын. Ізгі іске атсалысқан барша азаматтарға алғысым шексіз» дейді Айсұлу. Мұқтаж отбасына баспана кілтін Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев салтанатты жағдайда табыс етті.

 

Бөлісу: