02
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Кәріс жігіті Ислам дінін қабылдады

Кәріс жігіті Ислам дінін қабылдады

Жаңалықтар
Жарнама

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ерекше оқиға болды. Михаил есімді кәріс жігіті өз қалауымен Ислам дінін қабылдады.

Ислам – Жаратушы Алла тарапынан жіберілген ақырғы дін. Иләһи дінімізге бет бұрып жатқан адамдар саны күн санап артып келе жатқаны ақиқат. Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітіне келген Михаил есімді кәріс жігіті солардың бірі.

Маңғыстау аймағының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Михаилға дініміздің негіздерін түсіндіріп, кәлима айтқызды. Алланың жіберген хақ дініне бойұсынған бауырымыз өзіне Мұхаммед деген есім алды.

«Ислам – бейбітшілікке, мейірімділікке, бауырмалдыққа үндейтін дін ғана емес, ерекше өмір сүру тәсілі. Мұсылман – өзге мұсылманның бауыры. Сіздің хақ дінді қабылдап жатқаныңызға қуаныштымыз. Мешітімізде орыстілді дін қызметкерлері бар. Қандай да бір сұрақтарыңыз болса, сіз үшін әрдайым есігіміз ашық» дей келе, Әнуар Ізімбайұлы Мұхаммед бауырымызды құлшылық үйінде өткізілетін рухани-танымдық, спорттық іс-шараларға қатысуға шақырып, мешіт атынан қасиеті Құран кітабын сыйға тартты.

Өз кезегінде, Мұхаммед Ислам дінінің шарттарын барынша орындауға уәде берді.

c63758e7-ce17-403a-9dcd-ed6e586f981f.jpg6a247299-7a74-4d50-a9ea-a57f17de7dd8.jpg

Бөлісу: