28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Бас мешітте «Әжелер өнегесі» мектебі құрылды

Бас мешітте «Әжелер өнегесі» мектебі құрылды

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде айрықша шара болып өтті.

Мешіт ұстазы Бекет Гүлсара апамыздың бастамасымен шәкірт әжелердің арнайы тобы құрылып, «Әжелер өнегесі» атты мектеп өз жұмысын ресми түрде бастады. Қарттығына қарамастан мешіт ұстаздарынан діни дәріс алып, ілім жолындағы ізденістерін еш тоқтатпаған шәкірт әжелер бұған дейін де мешіттегі қаншама қайырымдылық шараларына ұйытқы болып, Мәуліт кештері мен ауызашар дастархандары, мерекелік-тәрбиелік іс-шараларға белсене қатысып, бүгінде Бас мешіттің бір бөлшегіне айналып та үлгергендей еді. Құранды қатесіз оқып үйренген әжелеріміз былтырғы наурыз айынан бастап 455 рет Құран хатым етіп, ел амандығы үшін дұға жасаған екен.

Игі шараға арнайы қатысқан Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов құттықтауын лебізін білдіріп, әжелер қауымына өз алғысын білдірді. «Әжелер өнегесі» мектебінің жұмысына сәттілік тілеп, болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі апа-әженің орны айрықша екенін атап өтті. Бүгінгі игі шараға орайластырып шәкірт әжелер қасиетті Құран кәрімді тағы бір хатым етіп, дұғасын Бас имаммен бірге жасап, ел мен жердің амандығын тіледі.

Қуанышты оқиға бұдан әрі кшігірім дастархан басында жалғасын тауып, көпті көрген асыл әжелердің өнегесі мен әңгімесіне кезек берілді.

61d87eeabbff3a37e20a18bf271c2470_1.jpg

486cbde311e011ddce0a63aea6dae4b8.jpg

0edff9ef51c53b5b55baac855561c10c.jpg

0234d795b1d2ccdbf2a52a16dc5c55b0.jpg

2c577773a9f3842e5c3edfca34589f24.jpg

d58e636851c26a7552b7414aedf8e0f9.jpg

c565ff37ef5e5b6fd14427569a5e3970.jpg

Бөлісу: