06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Нұр-Сұлтан: Әйелдер арасында дұға жаттаудан жарыс өтті

Нұр-Сұлтан: Әйелдер арасында дұға жаттаудан жарыс өтті

Жаңалықтар
Жарнама

Нұр-Сұлтан қаласындағы «AQMESHIT» мешітінде әйел шәкірттер арасында «Дұға – мұсылманның қорғаны» атты сайыс өтті.

Мешіт ұстаздарынан діни дәріс алатын қыз-келіншектер арасында ұйымдастырылған сайыс барысында үміткерлер күнделікті оқылатын дұғаларды қаншалықты білетіндігін паш етіп, қазақша мағынасын да түсіндіріп беріп отырды.

Дұғалардың дұрыс оқылуын қадағалап, үміткерлердің білімін сараптау төрелігі «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстаздары Гүлсара Бекет пен Динара Нұрғалиева және «Нұр Астана» мешітінің ұстазы Қажымәлікқызы Қарлығаш ханымдарға жүктелді. Бірнеше бөлімнен тұратын сайыс қорытындысы ортақ ұпай санымен есептелді. Сондай-ақ қазылар алқасының қосымша сұрақтары да үміткерлер білімін жан-жақты көрсетуге мүмкіндік берді.

Қорытынды есеп бойынша «Дұға – мұсылманның қорғаны» сайысының жүлделі ІІІ орны Күләй Әлибаеваға бұйырса, Айкүнім Есім ІІ орынға лайық деп танылды. Сайыс сұрақтарынан сүрінбей өтіп, ұпай санымен алға шыққан Нәзігүл Пернебаева І орын иеленіп, жарыс жеңімпазы атанды.

7ce0af330015100029df96316209e91a.jpg

d9e64fb7e734f477a162b3c1f6ead9b0.jpg

c49c33e826cdaa35f5ceb5d2df245aea.jpg

cfdde05366198ee0fdb58d91f6bb738e.jpgd8d59c0d1594e11c155c10d3da4ac30a.jpg

b210fa056cd41572d6e7e06f816b7adb.jpg85d2da3e7dfeed12589c4a7fbba701b9.jpg

af35f2e2e47d3521ea098fc26571b07f.jpg

04363bdaa9ba2ba391c57dc978d07abb.jpg

c72b1c9e2f21787d790239e6a0f8f84d.jpg

1566e0d14cc863598235243f61b45a85.jpg

Бөлісу: