26
Жұма,
Сәуір

һижри

Елорда имамдарының жалпы жиналысы өтті

Елорда имамдарының жалпы жиналысы өтті

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әс-Сәлам» мешітінде Елорда имамдарының кезекті жалпы жиналысы болып өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әр жылдары қабылданған негізгі құжаттары жинақталған бірегей кітапты насихаттау жұмыстарына арналған алқалы жиынның келесі бөлімінде қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды.

Жиналысқа төрағалық еткен Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов өкілдік бойынша Рамазан айында атқарылатын жұмыс жоспарына шолу жасап, нақты тапсырмалар берді. Мешіттердегі сақтық және қауіпсіздік мәселелері, қайырымдылық жұмыстары, ауызашар қоржынын ұйымдастыру және тарату шаралары, өкілдік сайттары және әлеуметтік парақшалар арқылы жүргізілетін онлайн уағыз-насихат жұмыстарына жауапты мамандар бекітілді. Сөз соңында Ерболат Нұрылдаұлы қасиетті айды жамағаттың барынша сауапқа толы өткізуіне белсене атсалысып, аянбай жұмыс жасауға шақырды.

Сондай-ақ, жиналыс соңында теріс ағым өкілдерімен жұмыс жүргізуде жемісті нәтиже көрсеткен екі имамға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы Алғыс хатын табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

bdeb1fb49cb8808e5233a53823f33019.dsc_0026_Копировать.jpg

0b7a82ae983b0295136aba03d50e95f9.dsc_0055_Копировать.jpg

74b672aef417e95b894526c4bc8d451e.dsc_0062_Копировать.jpg

d810322e299ab808cd75edeeed46a247.dsc_0082_Копировать.jpg

e96f3a4e8b58ad99b03d8d1c17147786.dsc_0088_Копировать.jpg

Бөлісу: