19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

362-баспана аудан имамына бұйырды

362-баспана аудан имамына бұйырды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Маңғыстау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айы қарсаңында «Ел үлесі – пәтерге» жобасының 362-баспанасы Маңғыстау ауданының бас имамы Құралбай Амалбаевқа берілді.

Іс-шараға Маңғыстау аймағының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы және Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Хабибуллаұлы арнайы қатысып, имамға баспана кілтін табыстады.

Игі шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шалғай ауылдардағы дін қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету бастамасы аясында жүзеге асып отыр. Шараның мақсаты – баспанасыз дін қызметкерлерін үй-жаймен қамтамасыз етіп, барынша қолдау білдіру.

e9cc4b86-d327-4c9f-9beb-d95c6edabd05.jpgақтау.jpg

54ca1050-7457-419c-9b15-24e8dd6b8efb.jpg

09e0ea88-9d5e-4791-97e6-cc185abf0441.jpg

Бөлісу: