19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Бас мүфти Сыр өңірінде жаңа мешіттің ашылуына қатысты

Бас мүфти Сыр өңірінде жаңа мешіттің ашылуына қатысты

Жаңалықтар
Жарнама

Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысы, Жалағаш аудандық «Иманқұл ата» мешітінің жаңа ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты.

Салтанатты шараға қатысқан ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Дәлелханұлы, Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, сондай-ақ Жалағаш ауданы әкімі Асылбек Шәменов, мемлекет және қоғам қайраткері Қожахмет Баймаханов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев мешіттің ашылуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

«Мешіт – жамағатымен көрікті. Бұл мешітке жамағат келмесе, жетім болады. Сондықтан жаңа мешіттің іші жамағатқа толсын. Бұл – тәлім мен тәрбие ордасы. Бабаларымыз мешіт салды, мешіт ұстады. Аталарымыз алғашқы әріпті Құраннан бастады. Кешегі Құнанбай мешіт салдырды, Абай медресеге барды. Медресеге барған Абайдың санасы сөніп, ақылы азайған жоқ. Керісінше шығыс пен батыс мәдениетін қатар алып жүрді. Шәкәрім, Ахмет, Мұстафа сынды тұлғаларымыз да молданың алдынан өткен. Міне иман тұрғысынан, рухани жетілу тұрғысынан мешіттеріміздің рөлі ерекше екен. Жер бетінің ең көркем орындары болған мешіттерімізге үлес қосқан барша бауырларымызға Жаратқан Жаннатта осындай зәулім үй нәсіп қылсын» деді Бас мүфти.

Бұдан кейін қонақтар көркі келіскен жаңа мешітте жұма намазын оқып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін Алла Тағаладан дұға тіледі.

2018 жылы жергілікті кәсіпкер Ерлан Сағымбаевтың демеушілігімен құрылысы басталған жаңа ғимаратта 900 адам бір мезетте құлшылығын өтей алады. Ерлер және әйелдер залынан бөлек құран оқитын, неке қиятын және имамдар бөлмесі бар. Мешіт жанынан заманауи үлгідегі дәретхана мен 400 адамдық асхана бой көтерген.

1908 жылы Иманқұл Жалмағанбетұлының бастамасымен салынған «Иманқұл ата» мешітінің 4 бөлмеден тұратын ескі ғимараты 150 адамға шақталған еді. Қазіргі таңда ескі ғимарат тарихи мұраға айналған.

WhatsApp_Image_2021-04-09_at_18.15.36.jpeg

edfd533e-4be3-4e45-9a66-a7a6cf73a5de.jpg

84fd1095-682f-4398-827b-6e1f71fe8755.jpg

eacb4f59-241c-4f2f-a018-d4bee51cbca7.jpg

9ca59bd6-a7da-40c5-84df-2e846fdd04b8.jpg

0d19e862-e4b4-4033-8f7c-8ca1448f3a55.jpg

df3a5b51-c30b-4011-b207-d417a38a127d.jpegd9394aca-af2e-4f80-a334-d93499bcc108.jpeg

5222d566-e482-4372-8cf0-19b59d2d7fd3.jpeg

Бөлісу: