27
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Менің алғашқы оразам» үздік эссе байқауы жарияланды

«Менің алғашқы оразам» үздік эссе байқауы жарияланды

Жаңалықтар
Жарнама

 «МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ ОРАЗАМ» ҮЗДІК ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

«Нұр Астана» мешітінің ummet.kz сайты Рамазан айының құрметіне «Менің алғашқы оразам» атты үздік эссе байқауын жариялайды. Ой салатын, тәлім беретін әсерлі шығарма жазып, керемет сыйлықтарды ұтып алыңыз!

Байқаудың мақсаты – қасиетті Рамазан айының қадір-қасиетін арттыру, ғибратты, оқиғалы шығармалар арқылы оқырмандарға мотивация сыйлау.

Байқаудың шарттары:

Байқауға кез-келген жастағы ниет білдіруші (Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны) қатыса алады

Қатысушыға қойылатын талаптар:

  • Байқауға қатысушы өз өмірінен өткен оқиғалар желісі бойынша немесе алғашқы ораза ұстағандағы әсерімен «Менің алғашқы оразам» тақырыбында эссе (ой-толғау) жазуы тиіс;
  • Қатысушылар шығармаларын  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды почтасына жолдауы керек;

  • Байқау мерзімі 2021 жылдың 13 сәуір мен 12 мамыр аралығын қамтиды;

  • Қатысушы ұсынатын шығарманың соңына байланыс номерін (ұялы телефон номерін) жазып, қалдыруы керек.

Эссеге қойылатын негізгі талаптар:

  • Шығарма, яғни эссе ғибратты оқиғаға құрылуы тиіс;
  • Өзгелердің Рамазанға деген құлшынысын оятуды мақсат тұтуы қажет.

Бағалау мынадай критерийлер бойынша жүзеге асады:

– Ойдың тиянақты болып, ұтымды тұжырым айта білуі;

– Шариғат талаптарына қайшы келетін дүниелердің айтылмауы.

Байқау сыйлықтары:

І орын – Түпнұсқадағы Құран кітабы және қазақ тіліне аударылған Құран;

арнайы әзірленген сыйлық пакеті;

ІІ орын – Қазақ тіліне аударылған Құран;

ІІІ орын – Арнайы әзірленген сыйлық пакеті

 

Ендеше, іске сәт! Сіздердің жүрек тебірентер оқиғалы жазбаларыңызды күтеміз!

Құрметпен: ummet.kz

Бөлісу: