04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Маңғыстау: 2000 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

Маңғыстау: 2000 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан қарсаңындағы үндеуінде «Қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауап алуды ниет еткен жандарға айтарым: ауызашар қораптарын еріктілер немесе мешіт қызметкерлері арқылы көмекке мұқтаж азаматтарға жеткізуге болатынын қаперлеріңізге саламын», деп айтқан болатын.

Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау өкілдігіне қарасты мешіттер мүбәрак айдың алғашқы жартысында 2000 отбасыға азық-түлік себеттері мен ауызашар қоржындарын үлестіріп, халықтық шараға өз үлестерін қосуда.

Атап айтқанда, Ақтау, Жаңөзен қалалары мен облысымыздағы 5 ауданның (Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы және Түпқараған) мешіт имамдары, «Зекет» корпоративтік қоры және Жастар ісі секторының өкілдері, сондай-ақ құлшылық үйлерінің еріктілері бұл игі бастама аясында белсенді қызмет етуде.

«Берекелі ай басталғалы жергілікті мешіттер Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуіне үн қосып. «Ауызашар қоржыны», «Ауызашар қорабы», «Рамазан базарлығы» сынды акцияларды үздіксіз ұйымдастырып келеді. Осынау сауапты шараларға мұрындық болған дін қызметкерлері мен демеушілік көрсеткен қолы ашық, жүрегі жұмсақ азаматтарға алғыс білдіреміз. Алла сіздерге разы болсын! Рамазан айы баршамызға мүбәрак болсын, құрметті ағайын!» деді Маңғыстау аймағының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы.

1da026cc-aa18-4813-9f0e-1bb037ee0d8c.jpg

7d022d79-d1df-4ef8-991b-b2479b253e3f.jpg

e6ba40ef-f69e-4334-9e97-64285385f0d4.jpg

67abec46-304d-4ba7-9d82-c63628330bbd.jpg

844d0e77-557f-42b2-bda9-a7558335a12b.jpg

Бөлісу: