26
Жұма,
Сәуір

һижри

Қарағанды: «Qamqor-Sharapat» салттық қызметі жүзеге асуда

Қарағанды: «Qamqor-Sharapat» салттық қызметі жүзеге асуда

Жаңалықтар
Жарнама

Соңғы кездері елімізде мұсылмандар зиратын күтімге алу мен зиярат жасау әдептерін кеңінен насихатталуда. Әсіресе, зират тұрғызуда бәсекелестікке жол бермеу мақсатында, бірізділікке бағыттайтын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен құрылған «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жұмыстарын түсіндіріп қана қоймай, оны жүзеге асыру қолға алынып келеді.

Осы орайда Қарағанды облысында игілікті шара басталып кетті. Облысқа қарасты Саран қалалық зиратына арнайы жер бөлініп, бірізділікпен жерлеу рәсімдері жүргізілуде. Қала имамы Мұхаммедқали Саликов көп жылғы тәжірибесін алға тарта отырып, жергілікті халыққа игі бастаманы түсіндіруде нәтижелі іс атқарып отыр. Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы осы бағыттағы сауапты һәм жауапты іс-шараны жүйелеу үшін өзге де аймақтармен тығыз қарым-қатынас орнатуда.

«Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының  облыстағы жауапты маманы Бақдаулет Қыдырбайұлы Саран қаласында бірқатар жобаларды талқыға салып қайтты.

«Пенденің жер бетіндегі еншісі болып саналатын зираттар әдебін қалыптастыру, ысырапқа жол бермеу, бірізділікке бағыттау барша мұсылманға ортақ сауапты іс болмақ. Зират аумағы толықтай қоршауға алынып, сыртқы тұрақтың жанынан күзетшіге арналған үй салынуда. Бірізділікке бағытталған бұл бағытта зират толықтай қоршалып, жекелеген кесене тұрғызылмайды. Белгітас та біркелкі үлгіде қойылмақ» дейді Б.Қыдырбайұлы.

07439075-890a-4a07-9c39-1d98e18be97e.jpg

70b1669a-d2f5-4415-ba1d-65f7d0ae0633.jpg

Бөлісу: