20
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Нұр Астана» мешіті: қарттарға құрмет көрсетті (фото)

«Нұр Астана» мешіті: қарттарға құрмет көрсетті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қайырымдылық шараларының қара шаңырағына айналған «Нұр Астана» мешіті бүгін Ақмола облысы, Аққайың ауылына қарасты Малотимофеевка атанып кеткен қарттар мен мүгедектерге арналған үйге арнайы барып, қарттарға құрмет көрсетті.

Мешіт ұжымы қасиетті Рамазан айында, бүгінгі және алдағы Жеңіс күні мерекесіне орай қарттарымызға ерекше ілтипат білдірді. «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Рамазанов Нұрлан Бекболатұлының бастамасымен болған мерекелік әрі қайырымдылық шарада мешіт қызметкерлерінің мұндағы аяулы жандарға ала келген сый-сыяпаттары аз емес еді. Азық-түлік және басқа да қажетті заттар, қаржылай сый жасаған мешіт ұжымы қарттарымыздың ақ батасын алып, ризашылығын білдірді.

Аталмыш шараға «Сауап» қайырымдылық қорының жетекшісі Абзал Сұлтанбек арнайы қатысып, сый-сыяпатын жасап, ізгі тілегін арнады.

Қариялар қауымына қуаныш сыйлаған мерекелік шараға орталық ұжымы атынан директоры Сәкен Жекебаев ізгі тілегін білдіріп, қашан да «Нұр Астана» мешітінің тарапынан құрмет пен ізеттің, қайырымдылық шараларының үзілмейтінін атап өтті.

QarttarUii 1

QarttarUii 2

QarttarUii 3

QarttarUii 4

QarttarUii 5

QarttarUii 6

QarttarUii 7

QarttarUii 8

QarttarUii 9

QarttarUii 10

QarttarUii 11

QarttarUii 12

QarttarUii 13

QarttarUii 14

QarttarUii 15

ummet.kz

Бөлісу: