26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Нұр Астана» мешітінде айт намазы оқылды

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Ораза айт басталды. Таңғы сағат 7:00-де Астанадағы барлық мешітте айт намазы оқылды. Дұға оқып, тілек тілеуге жиылған кісінің қарасы көп.

«Нұр Астана» мешітінде оқылған айт намазына жиналған жамағат еліміздегі індеттік жағдайға орай барлық санитарлық нормаларды сақтай білді. Бұл жөнінде намазға келген жамағатқа «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов бастаған мешіт қызметкерлері жіті түсіндірді. Айт намазына бетпердемен келген жамағат бұл жолы намаздан соң бір-бірімен қол алысып, құшақтаспады. Бұл санитарлық норманы сақтау әдебі болатын. Биылғы айт намазының ерекшелігі де осы еді.

Таң сәріден ұлық мерекеде ізгі ниетімен, мешітке ағылған астаналықтар сүннетке амал етіп, хош иіс себініп, әсем киініп, қуанышты көңіл-күймен жүрді. Мешітімізге арнайы келген ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы айт намазының құтбасын оқып, жамағатқа жақсы тілегін арнады.  Жиналған көпшілікке Ораза айт мейрамының қадір-қасиетін, әдебін түсіндіріп, мерекелік уағыз, насихат айтты. Мешіттің бас имамы Нұрлан Бекболатұлы барша жұртты мүбәрак мейраммен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

OrazaAitNamazy 1

OrazaAitNamazy 2

 

OrazaAitNamazy 4

OrazaAitNamazy 5

 

OrazaAitNamazy 6

OrazaAitNamazy 7

OrazaAitNamazy 8

OrazaAitNamazy 9

ummet.kz

Бөлісу: