20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Маңғыстау өңірінде қос отбасыға пәтер берілді

Маңғыстау өңірінде қос отбасыға пәтер берілді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Маңғыстау облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 386 және 387-ші баспананың кілті табыс етілді.

«Шаңырақ ш/а» қалалық мешітінің бас имамы Мырза Мұхаммадюсуфұлының ұйытқы болуымен, сондай-ақ мешіт жамағаттың қолдауымен Жаңаөзен шаһарында өткен алғашқы шара барысында жылдап пәтер жалдап келген Зиялы Абдулазизұлы есімді азаматтың отбасы қуанышқа бөленіп, 386-шы үйдің иесі атанды.

«Біріншіден Алланың қалауының, екіншіден сіздердің қолдауларыңыздың арқасында Рамазан айында осы мақсатымызға жетіп отырмыз. Ізгі іс-шараға қолдау білдірген НГДУ-3, НГДУ-4, УОС-2, БЖБ мекемелеріне, мешіт жамағатына және Жаңаөзен тұрғындарына алғысымызды білдіреміз. Мүбәрак айдағы әрбір игі істеріңіз бен берген садақаларыңызды Алла қабыл етсін», деді Мырза Мұхаммадюсуфұлы.

Сонымен бірге Мұнайлы ауданының бас имамы Руслан Сағынтайұлының бастамасымен және жергілікті жамағаттың қолдауымен аудандық орталық «Миғраж» мешітінде 10 жылдан аса уақыт қызмет атқарған, жалғызбасты ана Несиба апамызға 387-ші пәтердің кілті табысталды.

«Несиба апамыздың бұл шаңырағы берекелі болып, іші қуанышқа бөленсін! Рамазан айында табысталған бұл баспанаға үлес қосқан жандарға Алла Тағала разы болсын!», деді Руслан Сағынтайұлы.

Екі шараға да «Зекет» корпоративтік қорының жергілікті өкілі Іздібай Бегенұлы арнайы қатысып, дін қызметкерлеріне, еріктілерге зор алғысын білдірді. 

b02bb6b7-05af-4459-b790-be23e1f41b69.jpg

eb955001-3620-4d2b-9245-7064d8242c2d.jpg

Бөлісу: