01
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Наурызбай қажы Тағанұлы Елбасы құттықтау хатын оқып берді

Наурызбай қажы Тағанұлы Елбасы құттықтау хатын оқып берді

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласында Нұр-Мүбарак университетінің 20 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық рухани тұтастықты дамытудағы діни білім берудің маңызы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.

«Еліміздегі жоғары білім беру жүйесінде айрықша орны бар іргелі діни білім ұясы – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 20 жылдық мерейтойы құтты болсын! Нұр-Мүбарак университеті аз жылдың ішінде Қазақстандағы шын мәнінде рухани даму және ағарту орталығына айналды. Оқу ошағы жоғары білімді имамдар, исламтану және дінтану саласы бойынша араб, ағылшын тілі мамандарын даярлап, ел игілігіне қалтқысыз қызмет етіп келеді. Университет ұжымы мен шәкірттері алдағы уақытта да еліміздегі бейбітшілік пен татулықты сақтау, дәстүрлі рухани құндылықтарымызды жаңғырту ісіне бар қажыр-қайратын аянбай жұмсай береді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте табыс, білім-ғылым жолында жарқын жетістіктер тілеймін. Алла Тағала елімізді аман, тәуелсіздігімізді баянды етсін!» делінген Елбасы құттықтау хатында.

df151f76-0e1d-4433-9aca-af761ba1187f.jpg

035b96c4-2bf0-4175-a0b7-06cd0dbfb49e.jpg

4814f7fd-f9b6-4ad4-976e-1a58df6ab6d9.jpg

8a54e779-94ad-478c-9dde-e1304e4e8276.jpg1815b7b6-383d-46b5-a090-bd8fcf6bedb9.jpg

Бөлісу: