11
Сенбі,
Мамыр

һижри

Алматыда «QMDB HALAL» жәрмеңкесі өтеді

Алматыда «QMDB HALAL» жәрмеңкесі өтеді

Жаңалықтар
Жарнама

Ертең, 28 мамырда Алматы қаласының Орталық мешіті алаңында «Халал Даму» мекемесінің халал сертификатын алған өнімдердің «QMDB HALAL» жәрмеңкесі өтеді.

Халал өнімдердің алғашқы ең ауқымды жәрмеңкесіне еліміздің оңтүстік өңіріндегі 50 кәсіпорын қатысады. Жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынатын қатысушылар – негізінен отандық ең үздік өндірушілер. Жәрмеңкеге Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облысындағы кәсіпорындардың сүт, ет, шұжық, балық, мұздатылған жартылай дайын өнімдер, сондай-ақ кондитерлік және снэк өнімдер, бал, жаңғақ, кептірілген жемістер мен көкөністер, емдеу-профилактикалық өнімдер мен дәмдеуіштер, залалсыздандырғыш және жуғыш заттар ұсынылады. Сонымен қатар жәрмеңкеде «QMDB HALAL» өнімдердің түрлі ассортиментін нарықтан төмен, қосымша үстемесіз, тікелей өндірістік бағада алу мүмкіндігі бар.

Жәрмеңке барысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы отандық ең үздік халал кәсіпорындарды марапаттайды. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Халалдың дамуына ат салысып, қайырымдылыққа үлес қосудан қапы қалмаңыз!

Өтетін орны: Алматы қалалық Орталық мешіті алаңы.

Уақыты: сағ. 10.00-15.00 аралығы.

Ұйымдастырушы: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» мекемесі

Байланыс үшін: Айбек Асқарбекұлы + 7 778 11 22678 @halaldamu.kz

muftyat.kz

Бөлісу: