03
Жұма,
Мамыр

һижри

Павлодар: Үшінші қариға құрмет көрсетілді

Павлодар: Үшінші қариға құрмет көрсетілді

Жаңалықтар
Жарнама

Павлодар қаласында күндердің сұлтанында жұма намазы санитарлық талаптарға сай «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ауласында өтті.

Жұма намазының алдында наиб имам Қанат Қабаев бекітілген жоспар бойынша «Өліге құрмет – тіріге міндет» тақырыбында жұма уағызын айтты. Келесі кезекте Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп қарилар даярлау орталығының» шәкірті Нұржігіт Сәдуақасовтың 2020-2021 оқу жылында Алланың кәләмі болған қасиетті Құран Кәрімнің 114 сүресін бастан-аяқ толығымен жаттап қари болғанын жамағатқа сүйіншілеп, мешіт жамағаты мен демеушілері атынан қаржылай сый-сияпат тапсырды.

Бүгінгі таңда «Мәшһүр Жүсіп Қарилар даярлау орталығында» он шақты шәкірт білім алуда. Орталықтың бағытына сәйкес Құран, Құран тәпсірі, тәжуид, ақида, хадис секілді пәндер оқытылады.

9fdcac19-642e-4958-b712-b53dcca30e47.jpg

8149940c-e7ac-42fa-8365-432db0d1d8a1.jpg

Бөлісу: