ҚМДБ төрағасы ақсақалдар форумына қатысты

ҚМДБ төрағасы ақсақалдар форумына қатысты

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Өскемен қаласында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өткен Ақсақалдар форумына қатысты.

Форумда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Әрбір ұлттың өзіндік болмысы, табиғи сипаты болады. Қазақ халқының ел билеу дәстүріндегі қалың бұқара мен биліктің арасында көпір қызметін атқарған институт Ақсақалдар кеңесі болды. Сіздер ел мен жердің, қоғам мен отбасының берекесін арттырған қазынасыздар. Өздеріңіз жақсы білесіздер, біз имамдар форумында ас беру, зират көтеру мәдениеті жайлы құжат қабылдадық. Осы құжаттарды халыққа насихаттап, жүзеге асыруда сіздердің үлестеріңіз көп. Алла сіздерге күш-қуат берсін!» деді.

Облыстық Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері қатысқан форумда ел игілігі үшін дұға жасалды. Айта кетсек, осымен Өскемен қаласында Ақсақалдар форумы бесінші рет өтті. Бұған дейінгі форумда түрлі тақырыптар талқыланып, бірнеше құжаттар қабылданған.

51884697-fe62-4e00-a3ab-9ad3eaf19acc.jpg

59a9e8da-ff10-4fec-99c8-b86b5f976705.jpg

05256059-fed4-4d1d-a5ea-282498fa7c40.jpg

0ecb5cf9-16f0-4a5c-b5e8-20c649dc31a2.jpg

96b1f0d4-8f02-4078-9cdf-5971732d9e7a.jpg

a78d3019-ef2d-4293-9d1e-b17fa6bc64f8.jpg

Бөлісу: