Қызылорда қаласында 14 маусым – Дүниежүзілік донорлар күніне орай «Өзгеге өмір сыйла» акциясы өтті.
ҚМДБ-ның Қызылорда облыстық өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінде өткен игі іс-шараға мешіт қызметкерлері мен Алла үйіне құлшылық етуге келген ерікті жамағат ат салысты.
Мешіттің бас имамы және сектордың облыстағы жетекшісі Айтжан Мұсаұлы келушілерге донор болудың пайдасы мен сауабы жайлы насихат айтты.
Айта кетейік, аталмыш акция былтыр да ұйымдастырылған болатын. Бүгінде қан беріп, мұқтаж жандарға үміт сыйлауға үндейтін бұл шара дәстүрге айналуда.
Қызылордада «Өзгеге өмір сыйла» акциясы өтті
Жарнама
Бөлісу:


