21
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

БҚО: Ауыл мешіттерінің құрылысы басталды

БҚО: Ауыл мешіттерінің құрылысы басталды

Жаңалықтар
Жарнама

Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақсуат және Қарауылтөбе ауылдарында жаңа мешіт құрылыстары басталды. Игі істің қуанышын бөлісіп, қадасын қағу рәсіміне арнайы БҚО бас имамы Бақытжан Сабыралиев пен аудан әкімінің орынбасары Тілек Габдушев, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

Алдымен қасиетті Құран Кәрім оқылып, облыстық орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы дұға жасады.

«Бүгін міне, Ақжайық ауданда екі мешіттің құрылысы басталды. Мешіт - Алланың үйі. Ол ұрпақтарымыз үшін халықтың, иманжүзді азаматтардың қаражатынан салынып жатыр. Ол ешқашан бос болмасын, балаларыңызға дініміздің рухани құндылықтарын дарытыңыздар. Олардың әрбірі игі істе көмектесіп, кем дегенде бір кірпішті құрылысшыға әкелсін. Мұның өзі олардың мешітті салуға қосқан үлесі болмақ. Игі істі қолдаңыздар», - деді Бақытжан имам.

Ауыл тұрғындарымен жүздесіп, «Бірлік пен ынтамақ» жайында уағыз айтылып, жиналған қауымның қойылған сауалдарына жауап берді. Ауылдың үлкендері облысқа жаңа тағайындалған бас имам Бақытжан Құралбайұлының ісіне ризашылықтарын білдіріп, имандылық қызметіне сәттілік тілеп, ақбаталарын берді.

Осыған дейін Бударин ауылында да жаңа мешіт құрылысы басталған болатын.

2e1082ce-2c16-442a-9a3e-49edd9f4c6e2.jpg

419ee617-cb86-4440-a5e5-8c71b3b75ec2.jpg

5a741cce-21f0-49d2-95f1-f0e8f8a15690.jpg

Бөлісу: