17
Жұма,
Мамыр

һижри

Екібастұз қаласына бас имам тағайындалды

Екібастұз қаласына бас имам тағайындалды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Дулат Қабиденұлы Матаев ҚМДБ-ның Павлодар облысы Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы Екібастұз қалалық мешіті жамағаты алдында уағыз айтып, уағыздан соң аталмыш мешіт ұжымы мен жамағатқа жаңа бас имамды таныстырып, қызметіне табыс тіледі.

Облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы осы уақытқа дейін Екібастұз қалалық мешітінің бас имам қызметін атқарған Бауыржан Отарбаевқа ҚМДБ-дан берілген арнайы алғыс хатты табыс етіп, иығына шапан жапты.

«Сіз Павлодар облысы және Екібастұз қаласында көп жылдан бері елеулі еңбек етіп келе жатқан танымал діни тұлғалардың бірісіз. Имамдық қызметін атқарып тұрған уақытыңызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамаларына сүбелі үлес қостыңыз, діни саладағы қажырлы еңбегіңіз бен ізгі істеріңіз үшін Сізге айрықша алғысымды білдіремін» деп атап өтті бас имам.

Ал жаңа тағайындалған бас имам Дулат Қабиденұлы осы Павлодар өңірінің тумасы, облыс жамағатына біршама танымал діни уағызшы, ғалым-аудармашы, ауыл, аудан, қалалық мешіттерде бірнеше жыл бойы имамдық қызметтер атқарған, тәжірибелі ысылған маман.

ДУЛАТ КАБИДЕНҰЛЫ МАТАЕВ

1972 жылы Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Қызыл-таң ауылында туған. Үйленген, 4-ер баласы бар. Жоғары діни білім бар.

▪ 1996-2004 жылы Пәкістан Ислам Республикасы Исламабад астанасындағы Халық Аралық Ислам Университеті. «Араб тілі және Ислам ілімі».

Зайырлы білімі:

▪ 2010ж.Талдықорған заң коледжі «Заңгер» ▪ 2010-2014ж. Семей қаласы Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті. «Тарих»

▪ 2016-2018ж. Шәкәрім атындағы университетте «Филалогия» «Қазақ тілі және Әдебиет» факултеті Іс - тәжірибесі:

▪ 2003 -2004ж. Пакистан Ислам Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігінде консул көмекшісі.

▪ 2005-2009ж. Павлодар қаласы «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің ұстазы.

▪ 2007-2008 ж. Павлодар мемлекеттік С.Торайғыров атындағы университетінің «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкері. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы Шығармалары. 14, 15-ші томдары (көне араб және көне шағатай тілдерінен аударды).

▪ 2009-2011ж. Павлодар қалалық «Ақ мешіт» наиб имамы.

▪ 2012-2013ж. Павлодар қаласы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің директоры.

▪ 2013-2017ж. Павлодар қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің бас имамы.

▪ 2017-2018ж. Алматы қаласы, Медеу аудандық «Аманқұл ата» мешітінің найб имам. ▪ 2018 жылдың ақпан айынан Павлодар қалалық «Бижан» мешітінің найб имамы.

▪ 2018 жылдың қараша айынан Нұр-Сұлтан қаласы «Нұр-Астана» мешітіне қарасты сауат ашу бөлімінің (Ислам орталығы) жауапты ұстазы.

▪ 2019 жылдың тамыз айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы «Әлжан ана» мешітінде найб имамы

▪ 2020 жылдың қазан айынан Ақмола облысы, Целиноград ауданы Қосшы ауылы «Бөгенбай батыр» мешітінің елорда аумағының бас имамы. Орыс тілі, ағылшын, араб, урду тілдері – еркін , түрік тілін аударма арқылы меңгерген.

ed534fcc-99ac-42f4-b689-53f2f9630cd3.jpg

еек3.jpg

c487b31a-230d-4839-b288-ed011f0d8eb6.jpg

Бөлісу: