27
Сейсенбі,
Шілде

һижри

ҚМДБ: Qurban2021 жобасы талқыланды

ҚМДБ: Qurban2021 жобасы талқыланды

Жаңалықтар
Жарнама

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен онлайн жиын өтіп, оған Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Рахметоллаұлы, ҚМДБ қызметкерлері және облыс бас имамдары қатысты.

Дін қызметкерлерінің онлай жиынында күн тәртібіндегі екі мәселе қаралды. Алдымен Құрбан айт мейрамына дайындық жұмыстары талқыланды.

«Өздеріңізге белгілі, өткен 2020 жылдың Құрбан айт мерекесі қарсаңында ел мұсылмандарының өтінішін ескере отырып қоғам алдындағы қайырымдылық қызметін жандандыра түсу мақсатында және еліміздегі эпидемиологиялық жағдай кезінде мұсылмандық міндетті кедергісіз атқаруға оңтайлы ұсыныс ретінде Qurban2020 жобасын іске қосқан болатынбыз. ҚМДБ орталық аппаратының техникалық мамандары қысқа мерзімде www.qurban2020.kz вебсайтын жасақтап шықты. Аталмыш сайтта құрбандық малын шалу үшін тапсырыс беру, құрбандық етін алу үшін өтініш беру және құрбандық шалынғандығы туралы мәлімет сынды қызметтерді қамтыды» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти Діни басқарма қазіргі уақытта еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты «QURBAN-2021» жобасын іске асырудың екі бағытын ұсынып отырғанын атап өтті. Біріншісі, мемлекет тарапынан рұқсат берілген жағдайда қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып офлайн режимде құрбан шалу рәсімін ұйымдастыру, екіншісі, арнайы дайындалған «QURBAN-2021» веб-сайты арқылы онлайн режимде өткізу.

Өз кезегінде вице-министр Құрбан айт мерекесіне орай жоспарланған «QURBAN-2021» қайырымдылық жобасының жүзеге асуына мемлекет тарапынан қолдау болатынын жеткізді.

Жиында талқыланған екінші мәселе имамдардың білімін жетілдіруге қатысты болды. 2002 жылы құрылған Республикалық Имамдардың білімін жетілдіру институтында бұған дейін 1257 дін қызметкері білімін шыңдады. 2019 жылы 4 топта 182 имам білімін жетілдірсе, РФ Омбы мүфтиінің өтінішімен омбылық 24 имам, Моңғолиядан 8 имам келіп білімдерін жетілдіріп қайтты.

2020 жылы 161 имам білімін жетілдіріп, ІІІ дәрежелі куәлік алса, биыл 2021 жылы онлайн арқылы 156 имам білімін жетілдірді.

Бас мүфти кадр әлеуетін көтеруде діни оқу орындарының орны айрықша екенін баса айтты. Бір ғана Нұр-Мүбарак университетінен 2004-2020 жылдар аралығында 2059 студент түлеп шықса, еліміздегі 9 медресені 2010-2020 жылдар аралығында 2300 шәкірт тәмамдаған. Биыл Нұр-Мүбәрак университетінің «Исламтану» мамандығын 230 түлек бітіріп шықса, 437 шәкірт медресе қабырғасындағы білімін аяқтамақ.

_48A6097_1.jpg

17a417b4-f36a-46b0-bc20-51e5dc38de06.jpg

793b2009-ed7f-4b33-8a6d-8202ea5affff.jpg

053dd1e8-1e78-4fe8-b6a9-404be6841973.jpg

5c6a55ef-3de8-4545-913d-15367bb65dbd.jpg

d45c1571-1be0-4dc2-83ee-dcf032cc21b1.jpg

b8bfc127-34b1-4c1f-97c7-97a7608c8792.jpg

Бөлісу: